ҚАЗ   

 РУС  

 ENG   
Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бәрі де халқымыздың тарихында өшпес із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр... Ендігі кезекте алған білімдеріңізді туған елдеріңнің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар. Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге мен сенімдімін.
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Үміткер
Стипендиат
Түлек
Басқа бағдарламалар
Журнал

">
Бүгін : 692
Қолданушылар: 3063946
Қазiр сайтта:қонақтар
Егер Сіздер «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері тарапынан пара беруге мәжбүрлікке немесе дөрекілікке тап болсаңыздар +7 (7172) 550 129 сенім телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз!
  
Жаңалықтар
Үміткерлердің назарына!
Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеу 2010 жылдың 26 шілдеде сағат 9.00-де Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А үйде, Астана медицина университетінің ғимаратында жүргізіледі.
Қолыңызда мыналар болуы қажет:

  • - Жеке куәлігіңіз (немесе төлқұжат);
  • - Шарлы қалам (көк сиялы);
  • - Қарындаш;
  • - Өшіргіш.

Еске саламыз, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау тестілеуінен оң нәтижеге қол жеткізсеңіз, Сіз психологиялық тестілеуге жіберілесіз, оның нәтижесі бойынша Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен дербес әңгімелесуге жіберілетін боласыз. 
Конкурстық іріктеу кезеңдерінен өту мезгілі: 2010 жылғы шілденің 26-нан 30-на дейін.

Толығырақ...
15 шілде 2010 жыл
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Еркежан Апсеметова Carnegie Mellon (CMU) университетінің өкілі Po-Shen Loh мырзамен кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы аясында ынтымақтаса жұмыс жүргізу мәселелерін талқылады.
Po-Shen Loh Астанаға 51-ші халықаралық математика олимпиадасына қатысу үшін келген. Қонақ CMU-де білім алып жүрген қазақстандық студенттер туралы жылы лебізін білдіріп, математика және ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша университет қазақстандық жастарды көптеп тартуға қызығушылық танытып отырғандығын жеткізді.
CMU АҚШ-тағы ғылым мен техника саласы бойынша және жасанды интеллект, роботтық техника құруда алдынғы қатарлы университеттердің бірі. Бүгінгі таңда оқу орнында «Болашақ» бағдарламасы бойынша 4 стипендиат білім алуда. 3-уі оқуларын аяқтап елге оларған. Олардың бірі – белгілі шахмат ойынының майталманы Дармен Садуақасов.
2010 жылғы 8 шілде

Әріптестік мәселелері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Еркежан Апсеметованың Уорвик университетінің  (Ұлыбритания) өкілдерімен кездесуі барысында талқыланды.
Қонақтар «Болашақ» бағдарламасы, оның мақсаттары мен негізгі міндеттері туралы өте жақсы пікірлер айтты.
– Қазақстандық студенттер біздің университеттің базасында өтетін түрлі іс-шараларға белсенді түрде қатысуда. Олар өздерінің қоғамдастығын құрып, біздерді қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырды, – деді университет өкілі Chunmun Kamal.

Толығырақ...
Германияда оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің назарларына!
Болжанып отырған оқу елі ретінде Германияны таңдаған үміткерлер (Германияның ЖОО-на өз бетімен түскен үміткерлерден басқа) ХБО АҚ-қа тапсыратын құжаттармен қатар Академиялық Алмасудың Германдық Қызметіне (DAAD) арналған құжаттар дайындауы керек. Толық ақпаратты www.daad.kz сайтынан және 8-727-2939035 телефоны бойынша хабарласып алуға болады.
ДААД-ға арналған құжаттар.
Ескерту: ДААД-ға талап етілген құжаттарды тапсырмаған үміткерлер конкурстық іріктеуге жіберілмейді.
2010 жылғы, 30 шілде
Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 11 мамандық негізінде Австралияда білім алып елге оралған стипендиаттар түрлі салада қызмет етуде. Бұл туралы бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-та Австралияның ТМД және Ресейдегі Бас сауда өкілі   Дэн Тиббаттпен кездесу барысында орталық президенті  Данияр Бектұрғанов мәлімдеді.
Оның айтуынша 58 стипендиат қазіргі күні білімдерін жетілдіруде. Көкжиегі тереңде жатқан бағдарлама туралы әңгімеден соң, стпендиаттарды орналастыру, олардың оқуын ұйымдастыру төңірегінде әңгіме өрбіді. Қонақтар Австралияның білім беру жүйесіне тоқталып, соңғы уақытта енгізілген жаңалықтармен бөлісті. Сапаға баса мән беріп отырған ел, алдағы уақытта «Болашақ» бағдарламасы аясында ынтымақтаса жұмыс жүгізуге дайын екендіктерін жеткізді.
<< [Бастапқысы] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Қорытынды 1 - 5 из 243
010000, Астана қ-сы, Есілдің сол жақ жағалауы
Д. Қонаев көшесі 29/1,
«Дипломат» бизнес орталығы,
Тел./факс: +7(7172)550 068
Басты бет | «Болашақ» стипендиясы туралы | Компания туралы | Мен болашақтықпын | Баспасөз қызметі | Форум | Қонақ бөлмесі | FAQ | Лебіздер | Фотогалерея
2009 - Барлық құқықтар қорғалған
© «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ www.edu-cip.kz Материалдарды пайдалану барысында сайтқа сілтеме жасау міндетті