«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының сайтына қош келдіңіздер!
Біздің сайтымызға кірген барлық адамдар Орталық қызметі туралы және «Болашақ» бағдарламасы туралы бүкіл қажетті ақпаратты ала алады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленгісі келетіндер қажетті құжаттар тізімі, конкурстық іріктеудің кезеңдері, оқуға ұсынылатын елдер мен жоғары оқу орындары, «болашақтықтарға» қойылатын талаптар туралы пайдалы ақпаратты сайттан табады.
Сайт арқылы стипендиаттар оқытуды ұйымдастыруға қатысты соңғы жаңалықтармен танысса, түлектер Қазақстанның алдыңғы қатарлы компанияларындағы бос жұмыс орындары туралы мәліметті осы сайттан алады.
«Болашақтықтарды» шетелде оқыту немесе оларды жұмысқа орналастыру саласындағы әріптестеріміз қажетті мәліметтер мен байланыс жолдарын табады.
Сайтқа кірушілер Халықаралық бағдарламалар орталығының соңғы жаңалықтарымен, «Болашақ» ақпараттық-аналитикалық журналының электронды нұсқасымен, фотогалереямен, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтармен таныса алады.
Сіздің көмегіңізбен сайтымызды жақсартып, Сізді қызықтыратын мәліметті орналастырып отыруға қуаныштымыз. Барлық өтініш-тілектеріңізді біздің Қонақ бөлмесінде қалдыра аласыз. Істеріңізге сәттілік тілеймін.
Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті А. Сағынтаева
ЖАҢАЛЫҚТАР
2008 жылғы 13 тамыздан стипендия иегерлерінің назарына!
Барлық стипендиаттарға мына құрылымдар бойынша хабарласу қажет:
1)Виза мен авиабилеттерді рәсімдеу сұрақтары бойынша Оқытуды ұйымдастыру мен мониторинг басқарамасы.
Анықтамалық телефондар:
Еуропа елдері бөлімі: 74-25-10, 74-25-51
Америка елдері бөлімі: 74-25-08, 74-25-50
Азия, Океания және ТМД елдері бөлімі: 74-24-95, 74-25-34, 74-25-49
2) Төлем кәртішкелері мен оқу ақысын төлеу сұрақтары бойынша Қаржыландыру бөлімі.
3) Оқытуды ұйымдастыру мен қозғалмалы мүлік кепілдемелік шартын рәсімдеу бойынша Заң бөлімі.
Анықтамалық телефондар:74-25-01, 74-22-54
2008 жылғы 13 тамыз
Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Отырыста 392 үміткердің жеке ісі қаралып, 356 үміткерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Оның ішінде, 320 үміткер 2008 жылғы іріктеу қорытындысы бойынша, 36 үміткер 2007 жылғы іріктеудің нәтижесі бойынша. Стипендия иегерлерінің аты-жөні Үміткер бөліміндегі Стипендия иегерлерінің тізімі бөлімшесінде ұсынылған.
2008 жылға құжаттар қабылдау жалғасуда!
23 маусымнан бастап «Болашақ» бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды!
Құжаттар 2008 жылғы 29 тамызға дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін аттестат немесе дипломдағы балдың жоғары болуы, мемлекеттік және шет тілін меңгеруі қажет.
Сондай-ақ, шетелде ғылыми тағылымдамалардан өтуге ғалымдар мен оқытушыларды шақырамыз.
Ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық мамандар үшін тұңғыш рет квота енгзілді!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің қашанда үздік білімі мен жеткен жетістіктері үшін жоғары марапаттауларға ие болып жататыны белгілі. Ұлыбритания еліндегі Манчестер Метрополитен Университетінде «білім менеджменті» мамандығы бойынша білім алатын стипендиат Нарботаева Кәмшат Ерланқызының 2007-2008 академиялық оқу жылының қорытындысы бойынша арнайы мақтау қағазымен марапатталғаны жөнінде мәлімдейміз.
2008 жылғы 30 шілде
Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы 15-жылдығына арналған WELCOME PARTY «БОЛАШАҚ 2007-2008» іс-шарасы өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ы мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің» қауымдастығы ұйымдастырған бұл шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Күләш Шәмшидинова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің Төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Аида Сағынтаева, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, отандық және шетелдік компаниялар мен елшіліктердің өкілдері қатысты.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Аида Сағынтаева «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Казкомерцбанк» АҚ Басқару директоры Мағжан Әуезовпен кездесті. Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жұмысқа орналасу және банк тарапынан демеушілік мәселелері талқыланды.
Еуропа елдерінде оқитын стипендиаттардың назарына!
1.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жаңа 2008-2009 оқу жылына дайындықтың басталғанын хабарлайды. Жазғы кезеңде елден шығушылардың саны артатындығын есепке ала отырып, авиабилеттерді алдын ала брондау қажеттігін назарларыңызға саламыз. Осыған байланысты 2008 жылғы 14 шілдеге дейін 2008-2009 академиялық жылға авиабилеттерді брондауға өтініштерді (өтініш нысандары қосымша берілген) жіберулеріңізді сұраймыз.
1.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жаңа 2008-2009 оқу жылына дайындықтың басталғанын хабарлайды. Жазғы кезеңде елден шығушылардың саны артатындығын есепке ала отырып, авиабилеттерді алдын-ала брондау қажеттігін назарларыңызға саламыз. Осыған байланысты 2008 жылғы 14 шілдеге дейін 2008-2009 академиялық жылға авиабилеттерді брондауға өтініштерді (өтініш нысандары қосымша берілген) жіберулеріңізді сұраймыз.